Керемет сезімдердің катализаторы
Audi RS 4 Avant спорттық көліктің қуаты мен бүкіл отбасына арналған әмбебап көліктің функционалдылығын біріктіреді. Динамика – оның ең басты құрауышы. Audi RS 4 Avant стандартты жабдығына ара ұяшықтары пішініндегі қызыл Crescendo Red түсті тігісі мен RS эмблемасы бар, қара Feinnappa былғарысымен қапталған plus алдыңғы спорттық орындықтары кіреді.
Көлік жүргізуден алатын әсерлер
Екі турбоайдағышы бар, көлемі 2,9 литрлік V6 TFSI қозғалтқышы қуатты 450 ат күшіне дейін және айналу сәтін 600 Нм дейін дамытады.
Интерьер
Audi RS 4 Avant салонында қазіргі уақытта стандартты жиынтықталымда қолжетімді, ара ұяшықтары пішініндегі қызыл Crescendo Red түсті тігісі мен RS эмблемасы бар, қара Feinnappa былғарысымен қапталған plus алдыңғы спорттық орындықтары көліктің сәнді сыртқы келбетін толықтырады.
Сыртқы түрі
Бірегей дизайны және ең ұсақ детальдарына дейін тиянақты сыртқы келбеті бұл көліктің ең маңызды құрамдас бөлігі спорттық сипаты екендігін айғақтайды.
Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген.
Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.
Идеальный автомобиль для прогрессивных личностейОзық тұлғаларға арналған мінсіз автокөлік
Жайлылық пен динамиканы бағалаушылардың барлығы Audi RS 4 Avant көлігінің лайықты бағасын береді. Қуат пен бірегей дизайнды біріктірген бұл автокөлік оларға тамаша серік болады.
Спорттық сыртқы түрі
Singleframe радиатор торы және ара ұяшықтарының құрылымы бар RS стиліндегі көрнекті алдыңғы бөлігі, сондай-ақ RS үлгілеріне тән ендірмелері бар алдыңғы секциясы Audi RS 4 Avant көлігінің спорттық мәнін көрсетеді. Шанақтың артқы бөлігінде орналасқан бампер мен RS үлгілеріне тән көрнекті диффузор да бейнеге өз үлесін қосады. Ерекше дизайндағы дискілер мен доңғалақ аркаларының кеңейткіштері қосымша акцент береді. Сұр немесе қызыл түсті элементтері бар, салонды әрлеуге арналған опциялық RS дизайн топтамалары бұдан да көбірек көрнектілік қосады.
Бірегей салон
Опция ретінде ұсынылатын, функциялар жинағы кеңейтілген, былғарымен қапталған үш шабақты руль дөңгелегі автокөліктің спорттық сипатын баса көрсетеді. Бұл әсерді Crescendo Red қызыл түсті тігісімен ара ұяшықтары пішінінде тігілген, Feinnappa қара былғарысымен қапталған plus алдыңғы спорттық орындықтары күшейте түседі.
Сіздің таңдауыңыз
Қызыл түсті элементтері бар RS опциялық дизайн-топтамасы немесе саржа өрімді күңгірт карбоннан жасалған, опция ретінде ұсынылатын ендірмелер бірыңғай спорттық стильді ерекшелей түсуге көмектеседі.
Барлық басқару – Сіздің командаңыз бойынша: MMI жүйесі
Спорттық көлік сияқты мықты. Avant сияқты функционалды
Audi RS 4 Avant көлігінде жолжүкке жеткілікті орын қарастырылған: стандартты жиынтықталымның өзінде артқы орындықтарды 40 : 20 : 40 арақатынасында бүктеуге болады. Жүк тиеуді жеңілдету үшін жүксалғыштың есігін аяқты екпінмен қозғалту арқылы ашуға болады. Бұл функция тиісті опцияға тапсырыс бергенде жұмыс істейді. Жүксалғышта жинақылықты сақтау үшін опция ретінде жолжүкті бекітуге арналған жабдық топтамасы, сондай-ақ тапсырыс бойынша орнатылатын жүкті бекіту құрылғылары бар рейлингтер жүйесі ұсынылады.
Audi exclusive бағдарламасы
Audi exclusive бағдарламасының аясында Сізге Audi R S 4 Avant көлігіңізді дербестендірудің шексіз мүмкіндіктері, соның ішінде Bronze сыртқы әрлеу топтамасы қолжетімді.