Электрлі. Және таң қалдырарлық бөлшектерге толы.

Электрлі. Және таң қалдырарлық бөлшектерге толы.

Audi e-tron таза электрмобиль ретіндегі өзінің көшбасшылық рөлін атқарып шықты. Сондықтан да оның атын атап, түсін түстеп, Audi модельдерінің қатарына қабылдайтын сәт келді – Audi Q8 Sportback e-tron деген атпен.

Енді электр қуатының артықшылықтары мен қолдауларын пайдалану

Енді электр қуатының артықшылықтары мен қолдауларын пайдалану

Audi электрмобилін сатып алған кезде тартымды қолдау шараларын пайдалана аласыз. Опциялар жайлы ақпарат алыңыз және электр қуаты ұсынатын артықшылықтарға ие болыңыз.

Жаңа сәттерге жол ашады

Сыйымдылығы 106 кВтсағ-тық (нетто) жоғары вольтті аккумуляторының арқасында мүмкін болған максималды жүріс қоры 600 километрге дейін жететін жаңа, таза электр қуатымен жүретін Audi Q8 e-tron көлігімен таныс болыңыз. Аккумулятор зарядының деңгейі төмен болса, мультимедиа интерфейсінен Range-Mode режимін қосу арқылы басқа жүріс қорының әлеуетін пайдалана аласыз.

Қысқа зарядтау аялдамалары – бағдармен тиімді жүргізу

Қысқа зарядтау аялдамалары – бағдармен тиімді жүргізу

170 кВт-қа дейінгі мүмкіндікпен жоғары қуатты зарядтау станцияларынан тез зарядтауға болады. e-tron бағдар навигаторымен зарядтау аялдамалары жоғары заряд қуаты тиімді қолданыла алатындай етіп бағдармен жүргізуге кіріктіріледі.

Энергия өндіру. Рекуперацияның арқасында:

Энергия өндіру. Рекуперацияның арқасында:

Рекуперациялау жүйесімен жетекпен қозғалғанда да, тежелгенде де энергияны қайта жинап алуға болады. Жүргізу педалінен аяғыңызды алған кезде жүріс кезіндегі рекуперация қосылады. Рекуперациялау сатысы не автоматты түрде, не рульдегі ажыратқыштардың көмегімен қолмен орнатылады: үш сатысы қолжетімді.

Бәрі көз алдыңызда:

Бәрі көз алдыңызда:

Audi virtual cockpit plus панеліндегі индикаторлар арқылы ықтимал рекуперация мен қалған жүріс қоры көз алдыңызда болады. Егер мультимедиа интерфейсінің интеллигентті навигаторын қолданатын болсаңыз, қалған жүріс қорын есептеу, мысалы, топографиялық және жолдағы көлік жағдайының мәліметтерімен бірге анағұрлым дәлірек болады. Ескертпе: суретте Audi Q8 Sportback e-tron автокөлігінің көрінісі берілген.

Үйде зарядтау:

Үйде зарядтау:

Үйде зарядтау үшін Сізге e-tron kompakt не connect зарядтау жүйелерін таңдауыңызға болады. Audi қабырға блоктарының модельдері зарядтаудың одан да жоғары жайлылығын ұсынады.

Жол-жөнекей жоғары өнімділікпен зарядтау:

Жол-жөнекей жоғары өнімділікпен зарядтау:

Шамамен 31 минуттың ішінде 10 %-дан 80 %-ға дейін зарядтау. Audi Q8 Sportback e-tron қуаты жоғары зарядтау станцияларында тек 170 кВт-тық зарядтау қуатымен ғана емес, тұрақты зарядтау қисық сызығымен де мақтана алады. Осылайша зарядтау процессінің басым бөлігінде жоғары зарядтау қуаты қосылады және аялдау уақытын қысқартады.

Екі есе жеңіл зарядтау:

Екі есе жеңіл зарядтау:

Алдыңғы жолаушы жағындағы екінші айнымалы ток зарядтау ағытпасы кез келген тұрақ орнында барынша жоғары икемділік ұсынады. Одан да жылдам зарядтау үшін 22 кВт-қа (АТ) дейінгі борттық зарядтау құрылғысын қолданыңыз.

Сапар барысындағы жайлылық

Сапар барысындағы жайлылық

Audi Q8 Sportback e-tron автокөлігімен Сізге алуан түрлі үйде және жол-жөнекей зарядтау мүмкіндіктері қолжетімді. Аккумуляторының ұлғайтылған сыйымдылығының және кешенді зарядтау ұсынысының арқасында алыс сапарларда да электрлі мобильділіктен ләззат алыңыз.

Электрлендіретін купе пішіні

Audi Q8 Sportback e-tron ауқымды SUV көлігі мен төрт есікті купенің сәнділігін біріктіреді. Күшті бейнеленген иық сызығы және әдеттен тыс үлгідегі күндізгі жарық шамы бар quattro архитектурасы Madeirabraun Metallic бояуымен ерекше көрініске ие болады.

Жарқыраған дизайн

Жарқыраған дизайн

Audi Q8 Sportback e-tron болашақтың электрмобильдерінің үлгісін көрсетеді: 2D оптикасындағы Audi сақиналары, алдыңғы бөліктің қайта өзгертілген дизайны және жалғыз жиектемелі проекциялық жарық секілді Audi сырт белгілер стратегиясының прогрессивті акценттері арқылы.

Прогрессивті дизайн

Прогрессивті дизайн

Ортаңғы бағандардағы лазермен бедерленген модельдің атауы, жаңа оптикадағы Audi сақиналары және e-tron жазбалары секілді шағын айшықтар дизайн тілінің үздіксіз ілгері дамуын көрсетіп тұр.

Прогрессивтік жарыққа ұласқан

Цифрлық матрицалы жарықдиодты фара Сіздің Audi Q8 Sportback e-tron-ыңыздың мінезін айшықтайды. Жарықтың бейімделетін үлестірілуі, жолаққа түсетін және бағдар жарықтары көлік жүргізу кезінде көмектеседі. Кеңейтілген жол жағдайы туралы хабарлау жүйесі апат болған және қауіпті жерлерде қозғалыс жолағына ескерту белгісін проекциялайды. Coming-Home-/Leaving-Home функциясы мультимедиа интерфейсі арқылы таңдауға болатын және бес динамикалық жарық көрсетілімімен кеңейтілді.

Көреген артқы көрініс

Виртуалды артқы көрініс айналарының шағын камералары кескіндерді салон ішіндегі 7 дюймдік OLED дисплейлерге шығарады. Фаралардың шағылысқан жарығына қарамастан олар жақындап келе жатқан көлік құралдарын асқан дәлдікпен анықтайды. Оған қоса олар аэродинамикалық кедергі коэффициентін жақсартады.

Әрбір айналымындағы спорттық таңба

Әрбір айналымындағы спорттық таңба

Қызыл түсті тежегіш суппорттары 6 сегментті дизайндағы жылтыратылған қара металлик түсті 22 дюймдік Audi Sport дөңгелектерінің тәкәппар келбетіне өз үлесін қосып тұрады. 19 дюймнен 22 дюймге дейінгі өзге дөңгелектерді AUDI AG және Audi Sport GmbH компанияларының ұсыныстарынан таңдай аласыз.

Өршіл интерьер дизайны

Жай ғана мол кеңістіктен де артығын күтіңіз. Іріктелген материалдар, жоғары сапалы өңдеу және ілгерілшіл цифрлық функциялар Audi Q8 Sportback e-tron көлігімен кез келген сапарды премиум деңгейлі оқиғаға айналдырады.

Ұсақ-түйекке көзқарас:

S line мәнеріндегі интерьер сезімдеріңізді еркелетеді. Жоғары сапалы былғары мен Dinamica Frequenz микроталшықтары алдыңғы спорттық орындықтарда қайта кездеседі – оған қоса алдыңғы орындықтардың арқалығындағы бедерленген S таңбасы. Күңгірт түсті көмескіленген алюминий сәндік қыстырмалары спорттық ортаны аяқтап тұрады.

Спорттық интерьер:

Спорттық интерьер:

Арқалығында S таңбасы бедерленген алдыңғы спорттық орындықтар. Контрастылы тігістері бар қара түсті Dinamica Frequenz микроталшықтары мен былғарының қиыстырылуы және орындықтардың шығыңқы бүйірлік жақтаулары жағымды отыру жайлылығын және жоғары бүйірлік сүйеуді қамтамасыз етеді.

Премиум сападағы спорттық орта:

Премиум сападағы спорттық орта:

Күңгірт түсті көмескіленген алюминий немесе технологиялық антрацит тоқымасы секілді опция ретіндегі жоғары сапалы сәндік қыстырмалармен премуим сыныбы мен спорттық стильді білдіріңіз. Интерьер тот баспайтын болаттан жасалған басқару педальдарымен тұйықталады.

Идеяларға арналған кеңістік:

Орыннан тарықпаңыз. Кең салонның артқы бөлігінде үш адамға дейін орын табылады. Жүксалғыш көлемі 528 литрімен таң қалдырады және орындықтар жиналған күйде тіпті 1 567 литрге жетеді.

Жүкке арналған қосымша орын:

Жүкке арналған қосымша орын:

Алдыңғы капоттың астында сыйымдылығы 62 литрді құрайтын жүкке арналған және бір орын бар. Оны, мысалы, зарядтау кабелін салуға пайдаланыңыз. Осылайша кабель үнемі зарядтау қақпағына жақын жерде қолданысқа дайын жүреді.

Өтінім қалдыру