Электрлік және шапшаң.
Жаңа Audi e‑tron S керемет динамикасын бағалаңыз.
Динамикалық сипаттамалар
Толығымен электрлік Audi e‑tron S сериялық кроссоверімен ең қысқа сапардың өзі ұмытылмастай болады.
Айналу сәтін интеллектуалды тарату
Электрлік толық жетек жүйесі айналу сәтін интеллектуалды тарату жүйесімен бірге артқы осьтегі жетек күшін лезде дерлік өзгертіп, жолмен жақсы ілінісуге және сенімді, спорттық көлік жүргізу мүмкіндігіне септігін тигізеді.
Ақпараттық ойын-сауық жүйесі
Дәстүрлі мультимедиа функцияларынан бөлек, жүргізуші мен жолаушыларға Audi электромобильдері үшін арнайы әзірленген, рекуперациялау жүйелерінің жұмысы, жүріс қоры және көлік жүргізу тиімділігі туралы ақпарат беретін бағдарламалар қолжетімді.
Дизайн
Жаңа Audi e‑tron S туралы панорамалық бейнеролик.
Өлшемдері миллиметрмен көрсетілген. Габариттер автокөліктің жарақталған күйдегі салмағы үшін келтірілген.
Көрсетілген мәндер қолда бар деректер негізінде есептелген қалыпты мәндер болып табылады. Оларға есептеу кезінде белгілі болған деректер, сондай-ақ белгілі бір жиынтықталым нұсқасы негіз болады.
Бірегей технологиялық шешімдер
Жаңа Audi e‑tron S үш электр қозғалтқышымен жабдықталған, олардың екеуі артқы осьте орналасқан. Қажет болған жағдайда, алдыңғы жағында орналасқан үшінші қозғалтқыш лезде іске қосылып, қосымша тарту күшін қамтамасыз етеді және тайғақ жолда немесе бұрылыстан жылдам өткенде көмекке келеді. Осындай үш қозғалтқыш тұжырымдамасы басқарылатын тарту векторы технологиясын іске асыруға мүмкіндік берді: S нұсқасындағы Audi e‑tron үлгісімен салыстырғанда, артқы ось жетегінің спорттық сипатына ерекше назар аударылатындығы байқалады. Барлық үш мотордың жиынтық серпімі 503 а.к. және Overboost режимінде 973 Н·м құрайды. Электроникамен шектелген ең жоғарғы жылдамдық сағатына 210 км-ді құрайды.
Электр қозғалтқышымен лезде іске қосу
Акселератор педалінің лезде жауап беруінің арқасында Audi e‑tron S жылдамдықты небәрі 4,5 секундта сағатына 100 км-ге дейін еш дыбыссыз дерлік үдетеді. Электромобиль бір зарядтауда 372 км-ге дейінгі жүріс қорымен, сондай-ақ тамаша басқару мүмкіндігімен және тартымымен таң қалдырады.
Жетек эволюциясы
Audi e‑tron S айналу сәтін белсенді тарату жүйесі әрбір сапарды бұрынғыдан да жайлырақ етеді. Кез келген дерлік жол жабынында және кез келген ауа райында спорттық жүргізуден, жақсартылған динамикадан және тұрақты бақылаудан ләззат алыңыз.
Жаңа деңгейдегі динамика
S спорттық қозғалыс режимін қосқан кезде көлік қуат (370 кВт) пен айналу сәтінің (973 Нм) ең жоғарғы көрсеткіштеріне 8 секундта жетеді. Жылдамдықты сағатына 100 км-ге дейін үдетуге небәрі 4,5 секунд кетеді, әрі үдеу сағатына 210 км белгісінде ғана аяқталады.
Бірден байқалатын динамика
Бұл үлгінің керемет динамикалық әлеуеті бар екенін түсіну үшін Audi e‑tron S көлігіне бір қараудың өзі жеткілікті.
Көз тартарлық және спорттық
Көрнекті алдыңғы бампер, 23 мм-ге кеңейтілген доңғалақ аркалары және шанақтың артқы бөлігінің бүкіл жалпақтығына созылатын диффузордағы ендірме сәнді және есте қаларлық келбетті қалыптастырады. Алдыңғы аэродинамикалық элемент пен Singleframe радиатор торынан бастап артқы диффузордағы ендірмеге дейін күміс түстес түске боялған детальдар қосымша акцент береді.
Жүз пайыз спорттық интерьер
Кроссовердің салоны да Audi e‑tron S көлігіне тән динамикалық стильде безендірілген. Электрмен реттелетін спорттық орындықтар айқын қолдауға ие.
Интуициялық тұрғыда түсінікті басқару
MMI touch response панелімен жабдықталған MMI navigation plus жүйесімен жұмыс істеу үшін ажыратымдылығы жоғары екі сенсорлық дисплей қарастырылған. Олар жүргізуші мен жолаушыларға көліктің барлық жүйелерін, навигацияны және мультимедианы басқаруға мүмкіндік береді.